Яндекс.Метрика

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Alstom компаниясының президентпен Анри Пупар Лафаржмен «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ –нында кездесу.

28.02.2016

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Alstom компаниясының президентпен Анри Пупар Лафаржмен «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ –нында кездесу.

6 ақпанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Alstom компаниясының президенті Анри Пупар Лафаржмен бірге «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ –ы жұмысымен танысты.

Франсуздың Alstom концерні ҚТЖ –дан 25% қосымша үлес алып, бірлескен кәсіпорындағы жалпы үлесін 50 %-ға жеткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ –қа 25% акциядан қалды.

«Әлемдік алпауыт Alstomфрансуз компаниясымен бірлесіп көліктегі машина құрастыру саласына тікелей инвестиция және жаңа технология тарту жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде соңғы технологияға негізделген жаңа өндіріс орны өмірге келді»,-деп атап өтті А. Мамин.

Alstom президенті Анри Пупар Лафардждің айтуынша, Қазақстанда инвестицияға қолайлы жағдай жасалған. Бұл өз кезегінде ұзақ мерзімдік серіктестік орнатуға мүмкіндік әпереді. ЭКЗ жаңа технологияларды меңгеру қазақстандық машина жасау саласындағы көшбасшылық ролін атқаруына жетістіреді. Қазақстандық локомотивтерді әлем нарығына экспортқа шығаруға кепілдік етеді. Зауыттағы қазақстандық үлесті көбейту 2020 жылға қарай 70 пайызды құрайтын болады.

Қазіргі таңда Қазақстанның темір жолдарындасағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүретін әлемдегі ең қуатты болып саналатын KZ-8А сериясындағы 31 жүк локомотиві жүйткіп жүр. Сондай-ақ, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүретін алды дана KZ-4АТ жолаушылар локомотивтері халыққа қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда зауыт аумағында электровоз тартым трансформаторын да шығару жоспары бар. Бұл өз кезегінде тағы да 100 жұмыс орнын ашуға ықпал етеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Возврат к списку

Кәсіпорын туралы

Осы өндіріс мақсаты ТМД елдеріне Қазақстанда қор тартым жылжымалы, сондай-ақ перспективалық экспорттық өнімдер жылжымалы құрамның жаңарту болып табылады. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, стратегиялық инвестициялық жоба ретінде танылған өндірістік локомотивтер ұйымдастыру...

Контактылар

ЖШС «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭКЗ)
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы
184 А көшесі, 10 - ү, Индустриалдық паркі
Тел.: +7(7172) 938-502 
Факс: +7(7172) 938-531