Яндекс.Метрика

Alstom Қазақстанда тартқыш трансформаторлар өндірісін іске қосты

31.10.2018

Alstom Қазақстанда тартқыш трансформаторлар өндірісін іске қосты

2018 жылдың 31 қазаны – Alstom Астана қаласындағы «Электровоз құрастыру зауыты» бірлескен кәсіпорнында (ары қарай – ЭҚЗ) электровоздарға арналған тартқыш трансформаторлар өндірісін іске қосты. ЭҚЗ тартқыш трансформаторлар өндірісін іске қоса отырып, Alstom компаниясына арнап бөлшектерді әлемдік ауқымда жасап шығаратын аса маңызды өндірісшіге айналып отыр. Қуаттылығы жылына 300 трансформаторды құрайды деп күтіліп отырған өндірісте 100 қызметкер толық жүктемемен еңбек етпек.

Alstom компаниясы Астанадағы ЭҚЗ зауытын дамыту бағытында жұмысын күшейте отырып, экспорттық әлеуеті жоғары сапасы әлемдік талаптарға сай өнімді жергілікті ауқымда шығаруда. Осы қызмет аясында ЭҚЗ Қазақстан экономикасындағы басты өндірістердің бірі ретінде Әзірбайжан және Өзбекстан сынды Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД елдеріне арнап локомотивтерді өндіріп, экспорттайтын орталыққа айналып отыр.

«Жаңа өндірістің іске қосылуы Қазақстанмен ұзақ мерзімді берік серіктестіктің орнағанын байқатады. Технология мен өндірісті жергіліктендіріп, жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті кадрларды оқыту арқылы Қазақстанның машина жасау саласына үлесімізді қосып отырғандығымызды мақтан тұтамыз», ¬- деп мәлімдеді Alstom компаниясы Батыс және Орталық Азия кластерінің басқарушы директоры Бернард Пелль.

Возврат к списку

Кәсіпорын туралы

Осы өндіріс мақсаты ТМД елдеріне Қазақстанда қор тартым жылжымалы, сондай-ақ перспективалық экспорттық өнімдер жылжымалы құрамның жаңарту болып табылады. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, стратегиялық инвестициялық жоба ретінде танылған өндірістік локомотивтер ұйымдастыру...

Контактылар

ЖШС «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭКЗ)
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы
184 А көшесі, 10 - ү, Индустриалдық паркі
Тел.: +7(7172) 938-502 
Факс: +7(7172) 938-531