Яндекс.Метрика

Alstom концерні Электровоз құрастыру зауытындағы үлесін 50%-ға дейін ұлғайтты

11.02.2016

Alstom концерні Электровоз құрастыру зауытындағы үлесін 50%-ға дейін ұлғайтты

Француздық Alstom машина жасау концерні локомотивтерді өндіретін бірлескен кәсіпорны – Электровоз құрастыру зауытының (ЭҚЗ) 25%-ға тең қосымша акцияларын Қазақстан теміржолынан (ҚТЖ) сатып алу туралы келісімді аяқтады.

Келісім нәтижесінде Alstom концерні зауыт акцияларының 50%-ын иемденетін мажоритарлық акционерге айналып, қалған акционерлер - ҚТЖ және «Трансмашхолдинг» акциялардың 25%-ына иелік ететін болады. Alstom ЭҚЗ директорлар кеңесіндегі орын санын екіге дейін ұлғайтпақ.

Сонымен қатар, Alstom және ЭҚЗ зауыттың өндірістік базасында электровозға арналған сүйрегіш трансформаторларды өндіру жөнінде мәмілеге қол қойды. Осының арқасында зауыт Alstom концерніне аталған трансформаторларды шетелден жеткізетін ірі кәсіпорынға айналатын болады. ЭҚЗ-дағы трансформаторларды өндіру 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында басталып, 100-ден астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жоспарланған өндірістік қуаттылығы жылына 200-ге дейін трансформаторды құрамақ.

Осы мәмілелерді жасасудың арқасында Alstom ЭҚЗ зауытын дамытуға бүкіл күшін шоғырландырып, экспорттық әлеуетке ие әлемдік сападағы жергілікті өнімді жасап шығаратын болады. Осылайша ЭҚЗ Қазақстан экономикасының негізгі қозғалтқыш күшіне айналып, локомотивтерді өндіріп, оларды Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД аумағындағы Әзірбайжан және Өзбекстан секілді көршілес елдерден бастап, бүкіл әлемге экспортайтын халықаралық өндіріс ретінде танылмақ.

«ЭҚЗ зауытындағы үлесті ұлғайту және жаңа өндірісті бастау Alstom концернінің Қазақстанда бірізділікпен жүзеге асырып жатқан стратегиясы аясындағы заңды қадам болып табылады. Біздің мақсатымыз – Қазақстан Республикасымен сенімді әрі ұзақ мерзімді серіктестікті құру. Технологиялар мен өндірісті жергіліктендіру, жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті мамандарды оқыту арқылы Alstom Қазақстандағы машина жасаушы басты кәсіпорындардың бірін жаңа деңгейге көтеріп, оның алдында әлемдік нарықтың есігін ашпақ. Біз қазірдің өзінде ел аумағында 400-ден аса жұмыс орнын құрып үлгердік, өндірісті жергіліктендірудің жалпы пайызы 28%-ға жетіп отыр және де таяу арадағы 2 жыл ішінде ол 50%-ға дейін артпақ. Қазақстан үкіметінің инвестициялауға және дамытуға арнап жасап берген қолайлы жағдайлары аясында біздің ынтымақтастығымыз барлық мүдделі тараптарға өз пайдасын әкелетініне мен нық сенімдімін», - деді Alstom концернінің Ресей және ТМД аймағындағы аға вице-президенті Мартин Вожур.

Қазір ЭҚЗ 2020 жылға дейін ҚТЖ компаниясына жүк және жолаушылар таситын электровоздарды жеткізу туралы тапсырысты орындап жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанның теміржолдарында жылдамдығын сағатына 120 шақырымға дейін жеткізе алатын және әлемдегі ең мықты электровоздардың бірі саналатын екі жүйелік KZ8А үлгісіне жататын 31 жүк локомотиві пайдаланылуда. Сонымен қатар, жылдамдығын сағатына 200 шақырымға дейін жеткізе алатын KZ4АТ үлгісіне жататын 6 жолаушылар локомотиві коммерциялық пайдалануға берілген. Осыған дейін 2016 жылы Alstom және ЭҚЗ Әзірбайжанға қосымша 50 электровозды жеткізу жөнінде Әзірбайжан теміржолымен келісім-шартқа отырған болатын.

Қазақстан жаңа Жібек жолы арқылы Еуропаны, Таяу Шығысты, Азия мен Ресейді бір-бірімен жалғап отырған маңызды көлік торабы болып табылады. Жалпы ұзындығы 20 мыңға жуық шақырымды, ал пайдаланып отырған жолының ені 1520 мм құрайтын Қазақстан теміржол желісі ұзындығы жағынан әлемдегі үшінші желі болып саналады. Жылжымалы құрамының ені ұлғайтылғанына қоса және де -50°C-ге дейін жететін қоршаған ауа температурасында қызмет ету қажет болғандықтан, Қазақстанның көлік нарығы жылжымалы құрамға ерекше техникалық талаптарды қояды, бұл жаңа инженерлік шешімдерді қажет етеді. Alstom ЭҚЗ зауытының іргетасы қаланған 2010 жылдың маусымында ресейлік серіктесі – Трансмашхолдинг компаниясымен бірлесе Қазақстанның көлік саласына келген болатын.

Alstom компаниясы туралы

Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге талпынып, Alstom компаниясы нарыққа теміржол көлігіне арналған кең ауқымды жүйелер, құрал-жабдықтар мен қызмет көрсетулерді әзірлеп, дамытып отырады. Alstom компаниясы нарықта ең ауқымды қызметтер: жылдамдығы жоғары поездардың жылжымалы составтарынан бастап метро мен трамвайларға дейін, сондай-ақ дабыл жүйесі, техникалық қызмет көрсету, модернизация мен инфрақұрылымын ұсынады. Alstom кешенді көліктік жүйелер саласында әлемдік лидер болып табылады. Alstom компаниясының 2014-2015 қаржы жылындағы сату көлемі 6,2 млрд еуроны, тапсырыстардың көлемі – 10 млрд еуроны құрады. Компанияның 60-тан астам елдерде орналасқан кәсіпорындарында 32 000 қызметкер жұмыс істеуде.

Орталық Азияда Alstom компаниясы жолаушы және жүк электровоздардың (Астана) және жебелі тартпаларды (Алматы) өндіруші ретінде танылған. 


Возврат к списку

Кәсіпорын туралы

Осы өндіріс мақсаты ТМД елдеріне Қазақстанда қор тартым жылжымалы, сондай-ақ перспективалық экспорттық өнімдер жылжымалы құрамның жаңарту болып табылады. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, стратегиялық инвестициялық жоба ретінде танылған өндірістік локомотивтер ұйымдастыру...

Контактылар

ЖШС «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭКЗ)
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы
184 А көшесі, 10 - ү, Индустриалдық паркі
Тел.: +7(7172) 938-502 
Факс: +7(7172) 938-531