Яндекс.Метрика

Alstom Әзірбайжан Республикасына алғашқы жүк локомотивін жеткізді

19.12.2018

Alstom Әзірбайжан Республикасына алғашқы жүк локомотивін жеткізді

Alstom концерні пайдалануы Баку Тбилиси Карс аймақтық теміржол қатынасында жүзеге асырылатын «Әзірбайжан темір жолы»  компаниясына (ADY) Prima T8 «AZ8A» 40 жүк электровозының біріншісін жеткізуді жүзеге асырды. Қазақстан Республикасында «Электровоз құрастыру зауытында» (ары қарай - ЭҚЗ) бірлескен кәсіпорнында өндірілген локомотиві 7 желтоқсанда Астана қаласынан жіберілгеннен кейін Биляжары, Әзірбайжанға келді. Alstom енді Әзірбайжан темір жолдар инфрақұрылымында валидациялық сынақтарына кіріседі, олар бірнеше ай бойына жүргізілетін болады.

«Біз стратегиялық серіктес ретінде ADY мен ынтымақтастықты жалғастыруға және Әзірбайжан Республикасына алғашқы жүк локомотивін жеткізуді жүзеге асыруға қуаныштымыз, бұл мемлекеттегі жүк тасымалдауына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі», - деп баяндады Alstom компаниясының Батыс және Орта Азия кластерін басқарушы директоры Бернард Пелль.

Alstom Prima локомотивінің ассортименті локомотивтік нарығының барлық сегменттерін қамтиды – ауыр салмақты, жүк және жолаушылар тасымалдауынан бастап, сондай ақ маневрлік немесе жол жұмыстарына дейін. AZ8A Әзірбайжан Республикасы үшін әзірленген Prima T8 ауыр салмақты локомотиві болып табылады. Оның құрылымы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында пайдаланылатын KZ8A локомотивтерінде негізделген, бірақ ADY техникалық талаптары ескеріледі және МЕМСТ нормалары мен талаптарына сәйкес келеді. Бүгінгі күнге 1990-шы жылдардан бастап бүкіл әлем бойынша 3,000 ден астам Prima локомотиві (4,200 дан астам секция) сатылған.

8 білікті Prima T8 локомотиві әлемдегі ең мықты электровоздардың біріне жатады. Екі секциядан тұратын бұл локомотив үлгісі оған орнатылған 8,8 мегаваттық қозғалтқыш қуатымен 9000 тоннаға дейін жететін жүкті тасымалдап, жылдамдығын 120 км/сағ дейін жеткізе алады. AZ8A локомотиві -25°C-ден +50°C-ге дейінгі температурада пайдалану үшін жасап шығарылған. Модульдік конструкциясы арқасында ол техникалық қызмет көрсетуді аз дәрежеде қажет етеді және де беріктік деңгейі өте жоғары әрі өмірлік қызмет ету циклінің құны  төмен электровоз болып табылады.

Возврат к списку

Кәсіпорын туралы

Осы өндіріс мақсаты ТМД елдеріне Қазақстанда қор тартым жылжымалы, сондай-ақ перспективалық экспорттық өнімдер жылжымалы құрамның жаңарту болып табылады. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, стратегиялық инвестициялық жоба ретінде танылған өндірістік локомотивтер ұйымдастыру...

Контактылар

ЖШС «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭКЗ)
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы
184 А көшесі, 10 - ү, Индустриалдық паркі
Тел.: +7(7172) 938-502 
Факс: +7(7172) 938-531