2010 ж. маусым |
Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Ремлокомотив» АҚ, «Трансмашхолдинг» ЖАҚ пен ALSTOM Transport компаниясы арасында Қазақстан Республикасында жүк және жолаушы электровоздарын бірлескен өндірісін құру туралы келісімшартқа қол қойылды. |
2010 ж. қазан |
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ, «ЭҚЗ» ЖШС, ALSTOM Transport пен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ компаниялары арасында электровоздарды және құрамдас бөлшектерін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. |
2011 ж. қазан 2012 ж. желтоқсан |
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында Индустриалды паркінің аумағында зауыттың құрылысы. |
2012 ж. желтоқсан |
Қазақстан Республикасы Президентінің, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ, Alstom, «Трансмашхолдинг» ЖАҚ басшылықтарының және ТМД елдерінің теміржол әкімшілігі басшыларының қатысуымен электровоздарды құрастыру зауытының салтанатты ашылуы. |
2013 ж. қараша |
Алғашқы KZ8A магистралды жүк электровозы тапсырыс беруші «Локомотив» АҚ коммерциялық пайдалануға берілді. |
2016 ж. ақпан |
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ мен ALSTOM Transport арасында «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жарғылық капиталында қосымша 25% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Нәтижесінде ALSTOM Transport жарғылық капиталдың 50% иесі болды, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ жарғылық капиталдың 25% бойынша иесі болды. |
2017 ж. желтоқсан |
ALSTOM Transport «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жарғылық капиталының қалған 25% -ын «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ -нен сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Нәтижесінде АЛСТОМ Transport 75% және «Трансмашхолдинг» ЖАҚ 25% «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС-ның жарғылық капиталының иеленеді. |